«Түнгі қаладағы балалар» атты рейд
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні мектеп ұстаздары мен ҚІІБ қызметкерлерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Өзімізге