Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Каратэ жекпе-жегінен жүлде салды
01
март
2021
Каратэ жекпе-жегінен жүлде салды
Мектебіміздің 1ғ сынып оқушысы Фархатұлы Рахат каратэ жекпе-жегінен қалалық чемпионатта ІІІ орынға ие болса, 5б сынып оқушысы Айқынұлы Шапағат І орынды жеңіп алды, сондай-ақ қызғылт сары белбеуінің иегері атанды.
Жекпе-жек спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді
25
февраль
2021
Жекпе-жек спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді
Үстіміздегі жылдың 15 - 21 ақпан күндері аралығында Панкратион жекпе-жегінен Алматы облысы өз мықтыларын анықтады. Осы чемпионатта мектебіміздің 8б сынып оқушысы Айтұмаханбет Әбілмансұр І орынға, 11ә сынып оқушысы Адаков Ақтілек ІІ орынға, 9ә - Ерсін Мерей ІІ орынға, 9а - Алмасұлы Бибарыс ІІІ орынға және 8а сынып оқушысы Бейсембеков Абдулазиз ІІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!!! Сондай-ақ өткен жылы мектебімізді бітіріп шыққан түлектеріміз де жеңіс тұғырынан көрінді.
"Поэзия, менімен егіз бе едің?"
18
февраль
2021
"Поэзия, менімен егіз бе едің?"
Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай өткен "Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты мәнерлеп оқу байқауында 5в сынып оқушысы Ринатқызы Аруай үздіктер қатарынан көрініп, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
«Қазақ поэзиясының символы»
18
февраль
2021
«Қазақ поэзиясының символы»
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, Алматы облысы бойынша жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткен «Қазақ поэзиясының символы» атты көркемсөз оқу байқауында ОФЛАЙН бойынша мектебіміздің 9а сынып оқушысы Данабай Әлібек І орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садуақасова Анар Доспайқызы. Құттықтаймыз!!!
Мамандық таңдау - маңызды қадам
12
февраль
2021
Мамандық таңдау - маңызды қадам
2021 жылдың 11 ақпан күні қаламыздағы Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушы маманы Абилкаримов Шалқар мектебіміздің 9-11 сынып түлектерімен Зуум платформасы арқылы кәсіптік бағдар жүргізді. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі - қазіргі заман талабына сай жұмысшы мамандарды дайындап, облыстағы мемлекеттік тілде білім беретін киелі білім ордасы. Заман ағымына сай өндіріс орындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Жиһаз жасау шебері», «Газбен, электрмен дәнекерлеуші»,
Марат Айша жүлдегер атанды!
01
февраль
2021
Марат Айша жүлдегер атанды!
Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Марат Айша информатика пәнінен облыстық ғылыми жобалар байқауында III орынға ие болды. Жетекші мұғалімдері Ә.Калиева мен Б.Дүзгенбаева. Құттықтаймыз!!!
"Адал еңбектің жарқын бейнесі"
08
декабрь
2020
"Адал еңбектің жарқын бейнесі"
Республикамызда өтіп жатқан "Адал еңбектің жарқын бейнесі" атты сурет салу байқауының мектепішілік кезеңіңде үздік шыққан оқушыларымыз марапатталды. Олар: Абеу Динара - І орын, Қанатбек Аянат - ІІ орын, Әділбек Асанәлі - ІІ орын, Изенбай Иман - ІІІ орын, Нұрбосын Айзере - ІІІ орын, Серік Нұрай - ІІІ орын, Депутат Жанел - ІІІ орын. Құттықтаймыз!!!
Бала қауіпсіздігі басты назарда!
07
декабрь
2020
Бала қауіпсіздігі басты назарда!
ҚР Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы сенім телефондары мен бейнероликтер топтамасын ұсынамыз
Республикалық "ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ" өткізілді
01
ноябрь
2020
Республикалық "ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ" өткізілді
2020 жылдың 31 қазан күні "ЕҢ БАҚЫТТЫ ЕЛ" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық "ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ" өткізілді. Аталмыш онлайн форумға мектебіміздің "әкелері" қатысты. Шараның басты мақсаты: Қазақстандағы әке институтын дамытуда жаңа тәсілдерді танымалдату және қалыптастыру үшін диалогтық платформа құру. Форумда әр түрлі мамандықтағы әкелер бір-бірімен отбасындағы және қоғамдағы ер адамның рөлі туралы тәжірибелерімен бөлісті. Осы форумға қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы
19
сентябрь
2020
Бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы
2020 жылдың 18 қыркүйек күні мектебімізде Зуум платформасы арқылы жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов ата-анларға жиналыстың күн тәртібін хабарлап, бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы туралы жиналыс өткізді. Жаңа 2020-2021 оқу жлының 1 тоқсанында «Ковид-19» короновирустық инфекцясының таралуы мен эпидемиялогиялық жағдайға байланысты білім алушылардың сапалы білім алуы мен әлуметтік жағдайларын жақсартуды