Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2021

Мамандық таңдау - маңызды қадам

2021 жылдың 11 ақпан күні қаламыздағы Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушы маманы Абилкаримов Шалқар мектебіміздің 9-11 сынып түлектерімен Зуум платформасы арқылы кәсіптік бағдар жүргізді. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі - қазіргі заман талабына сай жұмысшы мамандарды дайындап, облыстағы мемлекеттік тілде білім беретін киелі білім ордасы. Заман ағымына сай өндіріс орындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Жиһаз жасау шебері», «Газбен, электрмен дәнекерлеуші», «Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері», «Электр жүйелерін монтаждаушы» мамандықтары ашылған. Барлық мамандықтар үшін материалдық-техникалық база толығымен жеткілікті. Оқу кабинеттері мен шеберханалар мамандық атауына сай заманауи үлгіде безендіріліп, жаңа құрал-жабдықтардың мол қоры жинақталған. Студенттер машықтануға Талдықорған қаласында орналасқан «Ал-Же-Тен» ЖШС, «Мақсат» ЖШС, «Өнер», «Ғаламат», «Жетісу жарнама», «Қазақтелеком» ЖШС кәсіпорындарымен келісімшарт негізінде машықтануға жіберіліп, кейін жұмысқа орналастырылып отырады.