19
сентябрь
2020
Бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы
2020 жылдың 18 қыркүйек күні мектебімізде Зуум платформасы арқылы жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов ата-анларға жиналыстың күн тәртібін хабарлап, бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы туралы жиналыс өткізді. Жаңа 2020-2021 оқу жлының 1 тоқсанында «Ковид-19» короновирустық инфекцясының таралуы мен эпидемиялогиялық жағдайға байланысты білім алушылардың сапалы білім алуы мен әлуметтік жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге байланысты бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы туралы есеп берді. Осы тамыз-қыркүйек айларына мектебімізге жергілікті бюджеттен 31 ноутбук және 8 компьютерлер берілді, алдағы уақытта 300-ге жуық компьютерлік техника жоспарлы түрде берілетінің айтып өтті. Жалпы осы пандемияға байланысты аз қамтылған отбасылары мен көпбалалы уақытша пайдалануға беріліп жатқаның айтты. Сондай-ақ жағдайы төмен отбасы ата-аналарының өтініштері бойынша жергілікті бюджеттен интернет желісімен қамтамасыз етілді.
Кезекші сыныптарды сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында кабинеттердегі барлық ақпараттық қондырғылар жаңартылып, интернет желісі қалыпқа келтірілді.
Екінші мәселе бойынша Ш.М.Құдайбергенов мектеп ішінде ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауға тыйым салынған. Сонымен қатар, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері тарапынан оқу кабинеттерін безендіруге, жаңартуға, сондай-ақ мұғалімге сыйлық тартуға ақша жинауға мүлде жол берілмейді. Ақша жинауға жол берген мұғалімдер тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз. Егер мұғалімдер ақша жинау туралы ұсыныс жасайтын жағдайлар орын алған кезде мектеп әкімшілігіне ескертулеріңізді сұраймыз немесе мектебіміздің бірінші қабатында сенім жәшігі орналастырылған, сенім жәшігіне мәлімет берсеңіздер де болады. Мектеп ішінде оқушылар мен ата-аналардан мүлдем жол берілмейді – деп, өз сөзін түйіндеді.
Жарыс сөзге мектепішілк ата-аналар комитетінің төрайымы Ә.Ж.Орынбаева, сыныпішілік ата-аналар комитеті белсенділері Г.Каержанова, Б.Абдильденовалар шығып, өз ойларын ортаға салды.