Қатерлі тұмаудан сақтанайық!
Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 30-31 күндері мектебімізде "Қатерлі тұмаудың" алдын алу мақсатында 1-11 сынып оқушылары арасында " SARS" атопиялық пневмониясының алдын алу шаралары бойынша диктанттар, мазмұндамалар алынып, сынып сағаттары өткізілді. Мектеп фельдшері тұмаудың алдын алу үшін мектеп оқушылары мен ата- аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, денсаулық бұрышы мен санбюллетень ілінді.