Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті
21
август
2020

«Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті

Ағымдағы жылдың 21 тамызында мектебімізде «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатының мақсаты - коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету.
Сынып сағаттары барысында педагогтар балаларға жаңа оқу жылында оқу форматын таңдау туралы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен мектепке баруға қойылатын талаптарды түсіндіріп, баланың жұмыс орны және тәртібі, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру Интернет-платформалары, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері, оқушылардың тәртібі ережелерімен, оқушының жұмыс орнына қойылатын талаптарымен таныстырды, білім алушының оқу күнін, киім нысанын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.
Сынып сағаттары барысында гигиена, салауатты өмір салты, кибермәдениет және білім алушылардың жауапкершілігі негіздеріне назар аударылды. Сынып сағаттары Zoom, Skype, Whatsap платформалары арқылы өткізілді.
«Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті