09
март
2020
"Рақмет саған - бейбіт заман"
1 Наурыз - Алғыс айту күніне орай мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 1-4 сыныптарда "Алғыста шек болмайды", 5-9 сыныптарда "Рақмет саған - бейбіт заман", 10-11 сыныптарда "Елімізді әлемге танытқан спортшыларымызға рақмет!" және мектебіміздің спортшылары арасында "Бапкер шәкіртімен көрікті" атты зияткерлік сайыс өткізілді. Аталмыш күннің басты мақсаты: Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке. Сондай-ақ ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Танымал тұлғаларымызды мақтан тұту.