10
февраль
2018
"Жырлайды жүрек" атты әдеби-сазды кеш
Үстіміздегі жылдың 9 ақпан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебімізде қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың туған күніне арналған "Жырлайды жүрек" атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кештің мақсаты, артына айырықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Оқушыларымыз ақынның сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жүрекжарды жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған әндерін әуелете шырқады. Ақынның жолын қуған ақынжанды жастар да өз жүректерінен шыққан арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ ақынға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.