19
май
2019
Тақиялы періштемен кездесу...
Үстіміздегі жылдың 26 сәуір күні мектебіміздің жас мамандары Мадияр Мыңбосынов пен Гауһар Досымханованың ұйымдастыруымен Жетісу өнірінің тума таланттарының бірі, «Тақиялы періште» фильімінде басты рөлді сомдаған, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбековпен кездесу өткізілді. Мақсаты: «Рухани жанғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша, оқушыларды туған жердің таланттарымен таныстыру, олардың өмірдегі және өнердегі өнегелі жолдарын үлгі ету. Шара барысында қонағымыз қарапайым механизатордан "Тақиялы періштеге" қалай айналғанын әңгімелеп берді. Қазақтың Қажымұқаны боп, киноға түсу кезіндегі қызықты әрі қиын шақтарды еске түсірді. Оқушыларымыз да қонаққа сұрақ қойып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.