25
февраль
2018
Каратэ жекпе-жегінен Әлем чемпионы Мерей Сүйінов өз үйірмесіне балаларды тегін дайындауға қабылдайды
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Талдықорған қаласының №9 орта мектебінің спорт залында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен каратэ жекпе-жегінен Әлем және Азия чемпионы Мерей Сүйінов қаламыздағы 14-17 жас аралығындағы оқушыларды каратэ үйірмесіне тегін қатыстыру үшін балалармен іріктеу сағатын өткізді. Аталмыш шараға қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Р.Рымтаев қатысты, қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Осы іріктеу кезеңіне барлық мектептерден көпбалалы және көмек қажет ететін отбасы балаларынан 100-ге жуық оқушы қатысып, бақтарын сыңады. Шебер спортшының іріктеуінен 25-ге жуық оқушы өтіп, каратэ үйірмесіне қабылданды.