05
март
2018
"Ұлт қазынасы аспаптар үніңде" атты сазды-танымдық шоу
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 27 ақпаныңда мектебімізде эстетика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлт қазынасы аспаптар үніңде" атты сазды-танымдық шоу бағдарламасы өткізілді. Осы аталмыш шараға Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы әртістері келіп, ұлттық музыкалық аспаптарымыздың тарихы туралы, әр аспаптың дыбыс ерекшеліктері туралы мағұлыматтар берді, күй ойнап және дәстүрлі әндер шырқады. Сонымен қатар залға жиналған оқушыларға осы өнерге байланысты сұрақтар қойып, викторина өткізді, белсенді және тапқыр оқушыларға өз сыйлықтарын табыстады.