Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектептің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар
01
сентябрь
2017

Мектептің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар

 

Мектептің  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мониторингі

 

2015-2016

2016-2017

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалар саны

121

133

Тегін тамақтанатын

88

100

Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған

4

5

Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылардың саны

1

3

ҚІІБ-ң, ҚТЖБ есебінде тұрған

2

1

Көпбалалы отбасы балалар саны

63

113

Толық емес отбасы балалары

60

72

Денсаулығына байланысты мүгедек балалар

2

2

 

 

 

                   

 

Мектептегі тәртіпсіздікті болдырмау немесе алдын-алу мақсатында мектебімізде «Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес» құрылып, оның мүшелері сайланды. Кеңес отырысы уақтылы өткізіліп, нәтижесі шығарылып тұрды. Мектепте әр оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі өз жұмысын жалғастырды. Кеңестің жұмысы мектеп, ата-аналар, қоғам және полиция мекемелерінің «девианттық мінез-құлықты» балалармен жүргізілетін жұмысына  бағытталған. Кеңес мәселелі отбасын оңалту бағдарламасына белсене араласты, жұмыс негізінен отбасына уақтылы кәсіптік көмек көрсетуге, бала тәрбиесінде қиындықтарға кезіккен отбасылары мен бала құқығы өрескел бұзылған отбасымен педагогикалық-психологиялық көмекке  бағытталған.

ҚІІБ-ң КЖТБ  және МІБ есебінде тұрған оқушылардың бақылау мониторингі

Оқу жылдары

2015-2016

2016-2017

КЖТБ-ң есебінде

2

1

МІБ-да

3

2

 

 

 

 

 

Девианттық мінез-құлықты балалар, тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балалармен жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер, көмек көрсетілді. Оқушылардың әлеуметтік паспорты жасалып, психологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бұл оқушылардың жанұядағы тәртіптеріне көңіл көп бөлінбейтіні, балалар бос уақыттарын көбіне бос, сыртта өткізетіні анықталды. Қазіргі кезде бұл оқушылармен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін шығарылды.

 

Мектептің  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар

 

                                                   

Сондай-ақ мектеп мұғалімдерінен құрылған топ, мектеп инспекторы, ҚІІБ қызметкерлері бірігіп «Түнгі қаладағы балалар», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»,«Бала еңбегін пайдалану» және сабақтан бас тартқан оқушыларды болдырмаудың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде рейдтерге шығып тұрды. Нәтижесінде мектепте сабаққа себепсіз келмейтін немесе оқудан бас тартқан оқушы жоқ.

       Тәрбие жұмысының үлкен  бір саласы ата-аналармен жүргізілген жұмыс.

Тәрбие негізі баланың жас кезінен бастап отбасында қалыптасады. Әрбір оқу жылында мектепішілік, сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары өткізіліп тұрады. Мектепішілік жиналыста оқушылардың үлгерімі, жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары туралы ақпараттар, ата-аналардың сабаққа қатысуы, оқушылардың себепсіз сабақ босатуы, құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жұмыстар, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, «Ел бақыты - Ата Заң», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа кім кінәлі?», «Мектеп және отбасы: қарым қатынас принциптері»  тақырыптарында баяндамалар оқылып, талқыланды.