Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаев
13
январь
2021
Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаев
Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, көптеген марапаттардың иегері. 2004 – 2017 жылдары Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі директоры болып қызмет атқарған. Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - 09.03.1953 жылы Көксу ауданы, Мұқыры аулында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын 1980 жылы бітірген алғашқы түлектердің бірі. Жоғары білімді маман еңбек жолын облыстық мұғалімдер
Рұстам Әлиұлы
13
январь
2021
Рұстам Әлиұлы
Рұстам Әлиұлы - Алматы облысы әкімінің орынбасары Туған күні: 14.04.1984 Туған жері: ҚазССР; Алматы облысы; Ескелді ауданы; Қарабұлақ кенті Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі түлегі Әкесі - Әли Демегенұлы Алпысбаев (28.4.1956 жылы туған, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылы) — композитор, дирижер, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (1995). Анасы -  Ғалиева Мария Бейсетбайқызы - ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Отбасылық жағдайы,
Жұмабек Қуанышбайұлы
12
январь
2021
Жұмабек Қуанышбайұлы
Жұмабек Қуанышбайұлы - ақын-палуан, ұстаз. ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері.  Жұмабек Қуанышбайұлы 1939 жылы 20 қазан күні Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көк-Өзек (Қаракөз) ауылында дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық шағы Қаракөз ауылы мен Лепсі ауылында өтті. Лепсі орта мектебінен түлеп ұшып, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын «мұғалім-жаттықтырушы (тренер)» мамандығына түсіп, спорт шебері атағымен бітіріп
Данияр Әшімханұлы Оразаев
11
январь
2021
Данияр Әшімханұлы Оразаев
Данияр Әшімханұлы Оразаев – театр және кино актеры. 1990 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі түлегі. Қанабек Байсейітов атындағы музыка колледжі түлегі. 2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «музыкалық драма» бөлімін үздік бітірген. 2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театрында актер. Көптеген киноларға түскен дарынды танымал актер. Фильмографиясы: "Ауылдағы шетелдіктер",
Серікжамал  Нүсіпқызы Әжібекова
11
январь
2021
Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова
Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова - 10.10.1949 жылы Алматы облысы, Қораталды ауылында (қазіргіТекелі қаласы) дүниеге келген. ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстазы, қоғам қайраткері, әнші, композитор. Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері. 1964 жылы Ақтөбе республикалық мәдени- ағарту училищесіне түсіп 1968 жылы «Хор ұжымының жетекшісі» дипломын алып, еңбек
Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов
10
январь
2021
Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов
Жылтыркөзов Азамат Қайратұлы - опера әншісі (баритон), Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. Азамат Қайратұлы 1986 жылы 29 маусымда Талдықорған қаласында туған. Қазақ. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі түлегі. Анасы - Жылтыркөзова Әсия Мұхаметбайқызы, «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі РӨБ» РМҚК кадрлар бөлімінің бастығы. Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген (2009), опера әншісі, концерттік орындаушы. Қазіргі уақытта профессор Е.Е. Нестеренкода машықтанудан
Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова
10
январь
2021
Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы (4 наурыз 1958 жыл, Бесқайнар ауылы, Көксу ауданы/Киров ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, химия мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы. 'Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Алматы облысы Киров(кәзіргі Көксу ауданы) ауданының Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімін бітірген соң, жоғары білімді, Қазақ Ұлттық әл - Фараби атындағы университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған.
Мектеп тарихы
09
январь
2021
Мектеп тарихы
Талдықорғанда ашылған алғашқы қазақ мектебі. Мектеп тарихы былайша сыр шертеді: «Жаңа оқу жылы басталған бүкіл халықтық мереке күні бұрынғы Абай атындағы орта мектептің үйінде қаладағы тұңғыш қазақ орта мектебінің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл 1989 жылы болатын. Білім ордасының ашылу салтанатын халық депутаттары Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Жайлыбаев кіріспе сөз сөйлеп, өз құттықтауын білдірді. Салтанатты жиында 83 жастағы 20 немере сүйіп, 15 шөбере көрген
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2020» байқауында мектебіміз ІІІ орынға ие болды.
31
декабрь
2020
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2020» байқауында мектебіміз ІІІ
«Талдықорған қаласы білім бөлімі» ұйымдастырған, қала мектептері арасында өткен «Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2020» байқауында мектеп басшысы Шалқар Мелісұлы бастаған командамыз жүлделі IІІ орынға ие болды. Бұл жеңіс ұжымды бірлікпен ұштастыра білген, білгір мектеп басшысы Құдайбергенов Шалқар Мелісұлы мен білімді әкімшілік мүшелері және еңбекқор қызметкерлердің арқасы деп білеміз. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі
ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ
30
декабрь
2020
ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жас тұлғалар, өз саласының көшбасшыларының қатысуымен кезекті онлайн «Адалдық сағатын» өткізді. Бүгінгі бейне-дәрістердің кейіпкерлері жас ғалым, ғылым докторы және 9 патенттің иегері Евгений Золотухин және талантты журналист, журналистер одағының мүшесі Мейіржан Әлібекұлы болды. «Ғылымдағы парасаттылықтың рөлі қандай?» – осы сұраққа Қостанай облысының ірі өңірлік жоғары оқу орнының табысты оқытушысы, жатып сығымдаудан спорт шебері және үлгілі