Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Талдықорған қаласы прокуратурасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді
13
ноябрь
2024
Талдықорған қаласы прокуратурасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді
Қараша айының 12 күні Талдықорған қаласы прокуратурасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушылармен кездесулер барысында қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ есірткінің зияны туралы тақырыптар талқыланады. Прокуратура өкілдері мен денсаулық сақтау өкілдері жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру үшін негізгі қауіп-қатерлер мен қауіптерді түсіндіреді. Аталған тақырыптар бойынша олардың пікірін және түсінігін білу үшін сұрақтар қойылды. Бұл кездесу
“Балалар әдебиетінің хас шебері” атты облыстық байқауда ІІ орын!
12
ноябрь
2024
“Балалар әдебиетінің хас шебері” атты облыстық байқауда ІІ орын!
Облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен “Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген “Балалар әдебиетінің хас шебері” атты облыстық байқауда 6 “А” сынып оқушысы Ердал Нұртас жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадрашова Айкерім Қанатқызы. Құттықтаймыз!
“Күзгі фотосессия” Үздіктері марапатталды
11
ноябрь
2024
“Күзгі фотосессия” Үздіктері марапатталды
“Алтын күз-2024” жоспарына сәйкес 3-4 сынып оқушылары арасында өткен “Күзгі фотосессия” фотосуреттер байқауының Үздіктері марапатталды. Құттықтаймыз!  
“Жеңіпаз” спорттық эстафеталық жарысындамыз
11
ноябрь
2024
“Жеңіпаз” спорттық эстафеталық жарысындамыз
“Жетісу әкелер мектебі” жобасы аясында ұйымдастырылған “Жеңіпаз” спорттық эстафеталық жарысында мектебіміздің әкелері номинациялық жүлдеге ие болып, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Мектеп намысын қорғаған Тлеубаев Алтай Мансұрұлына, Ли Евгений Андреевичке, Тоқтамұрат Кенжетайұлына, Қанжығалы Айбекке, Абишев Кенжебайға мектеп әкімшілігі тарапынан өз алғысымызды білдіреміз. Жетекшілік еткен Бекзат Байжұманов. Құттықтаймыз!  
Мектебіміздің екі командасы да І орынға ие болды!
09
ноябрь
2024
Мектебіміздің екі командасы да І орынға ие болды!
Мектебіміздің екі командасы да І орынға ие болды! Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ШАХМАТТАН өткізілген ашық турнирде мектебіміздің 5-6 сыныптар командасы І орынға және 7-8 сыныптар командасы да І орынға ие болды. Жетекшісі ДШ пәнінің мұғалімі Айбек Базылжанов. Құттықтаймыз!  
“Күзгі фотосессия”
08
ноябрь
2024
“Күзгі фотосессия”
Мектебімізде “Алтын күз-2024” жоспарына сәйкес 3-4 сынып оқушылары арасында “Күзгі фотосессия” фотосуреттер байқауы өткізіліп, жеңімпаздары мен жүлдегерлер марапатталды.
Әлем біріншілігінде ІІ орын!
07
ноябрь
2024
Әлем біріншілігінде ІІ орын!
4б сыныбының оқушысы Ержанұлы Мадияр БАӘ Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында 2-орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Жас барыс анықталды
06
ноябрь
2024
Жас барыс анықталды
Алматы қаласында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында өткен ашық турнирде мектебімздің 6б сынып оқушысы ⁠Сламхан Сұлтан І орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарысқа 7 облыс, 2 қаладан 250-ге жуық спортшы қатысты.  
Инспектормен бірлескен профилактикалық түсіндірме жұмыстары
05
ноябрь
2024
Инспектормен бірлескен профилактикалық түсіндірме жұмыстары
05.11.2024 күні мектеп инспекторы М.Ж.Мужукова, ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев, әдеп-құқық менторы М.Е.Сарсебаев 8-10 сынып оқушыларымен "Синтетикалық есірткі қасіреті", "Есірткі тасымалдау ауыр қылмыс", "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  
ВАКАНСИЯ
05
ноябрь
2024
ВАКАНСИЯ
ВАКАНСИЯ!!! "Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ-сі ENBEK. KZ. электронды биржасына, әлеуметтік желі нысандарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды! Конкурс Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен