12
март
2025
"Адам саудасы - жаһандық қасірет"
Мектебімізде 2025 жылдың 11-12 наурыз күндері 8-10 сынып оқушыларымен "Адам саудасы - жаһандық қасірет" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бұл шара оқушыларымызға аса маңызды тақырып бойынша ақпарат беру, олардың құқықтарын қорғау, және қоғамда осындай жағдайларға қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында ақпараттық материалдар, видеороликтер және слайдтар арқылы адам саудасының қауіптілігі мен алдын алу жолдары көрсетілді. Оқушыларымыз өздерін осы мәселенің шешімі бола алатын азаматтар ретінде сезініп, осы тақырыпқа тереңірек үңілді.





