Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
03
ноябрь
2021
Кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
2021 жылдың 02 қараша күні Зуум платформасында кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталмыш вебинарда келесі мәселелер қаралды: "Балалар зиянды заттар әлемінде" - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев; "Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық кеңес беру", "Жасөспірімдер суицидінің алдын алу және болдырмау шаралары" - мектеп психологы Б.М.Ерғожа. Шара барысында жасөспірімдер мен жастар арасында белең алып тұраған зиянды заттарды тұтыну,
Полиция басқармасы ашық есік күнің ұйымдастырды
29
октябрь
2021
Полиция басқармасы ашық есік күнің ұйымдастырды
2021 жылдың 28 қазан күні жастар мен жасөспірімдер арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу", "Әлімжеттік пен бопсалауды болдырмау" мақсаттарында Талдықорған қалалық Полиция басқармасының ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, қылмыс жасағандар қандай жерлерде жазаларын өтейді, өздерінің және қатарластарының осы жолға түсіп кетпеуінен сақтандыру бойынша "Ашық есік" күні ұйымдастырылып, "Уақытша ұстау изоляторларына" саяхат жасалды. Мектебіміздің
"Біз жемқорлыққа қарсымыз!" - жолдастық кездесу
29
октябрь
2021
"Біз жемқорлыққа қарсымыз!" - жолдастық кездесу
2021 жылдың 29 қазан күні Талдықорған қаласындағы №20 дарынды балаларға арналған лицей мен №18 мектеп-лицейі ер мұғалімдері арасында "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" ұранымен кіші-футболдан және волейболдан жолдастық кездесу өтті. Жарыс нәтижесі бойынша екі мектеп арасында достық жеңді!
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат
28
октябрь
2021
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына
Үстіміздегі жылдың 27 қазан күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Бейсенбай Гүлдана 6ғ сынып оқушыларына қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Оқушыларымыз саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп жатты, оқу озаттары Сексен Жұбат: - Облыстық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат маған терең ой салды. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу
Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды
28
октябрь
2021
Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды
2021 жылдың 27 қазан күні мектебіміздің кітапханашысы М.Д.Ботаеваның ұйымдастыруымен ағартушы-ұстаз, жазушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған Қостанай қаласындағы орналасқан Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды. Телекөпірге 6ғ -6в сынып оқушылары офлайн және 6а,ә,б,г сыныптары онлайн түрде қатысты. Шара барысында 6ғ сынып оқушылары Ыбрай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып берді. Сондай-ақ кері байланыс беріліп, қатысушылар мұражай қызметкеріне алғыстарын білдіріп
«Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді
28
октябрь
2021
«Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді
27.10.21 күні мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Бауыржан Мустафиновтың ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арналған 9-10 сынып оқушылары арасында «Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинап, І орынға 10а сынып оқушысы Ақан Анар ие болды, ІІ орынға 9б кадет сыныбы оқушысы Темірланұлы Аслан және ІІІ орынға 9б Ниязбек Арсен мен 10б сынып оқушысы Қасымжан Нұрәлім ие болды. Құттықтаймыз!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
27
октябрь
2021
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы N18 орта мектеп – лицейі» КММ Мектеп ұжымымен өткізілген жиналыс ХАТТАМАСЫ Уақыты 27.10.2021 Зуум-платформасы Қатысқандар: 1. Ш.М.Құдайбергенов – мектеп директоры 2. Қ.М.Әмірова - директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары 3. Б.Қауметова – директордың әдістемелік ісі жөніңдегі орынбасары 4. Қ.Ж.Қуанышбаев – директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары 5. Б.Т.Тайыржан – педагог – ұйымдастырушы 6. Ә.Жұмабекова – әлеуметтік педагог 7. Б.Абдрахманова –
«Директорлық сенбі – ата-аналар үні» онлайн-кездесу №1
24
октябрь
2021
«Директорлық сенбі – ата-аналар үні» онлайн-кездесу №1
23.10.2021 күні мектеп директоры Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов 6-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Директорлық сенбі – ата-аналар үні» онлайн-кездесу өтті. Онлайн-кездесу барысында төмендегі мәселелер қаралды: 1) Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу; 2) Жеткіншектердің даму ерекшеліктері; 3) Әлеуметтік желілердің бала тәрбиесіне әсері.Ата-аналар назарына жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, мінез-құлқында болатын өзгерістер, балалардың бос уақытын тиімді
Оқушылардан «Зорлық-зомбылық» туралы сауалнама алынды
22
октябрь
2021
Оқушылардан «Зорлық-зомбылық» туралы сауалнама алынды
Мектеп инспекторы Г.Сәкенова мен мектеп психологтары ай сайын 5-11 сынып оқушыларынан «Зорлық-зомбылық» туралы сауалнама алып отыр. Сауалнаманы алудағы мақсат өзі оқитын мектепте қоқан – зорлық көрсететін оқушылар бар ма, олар кімдер, қай сыныптың оқушылары және мектепте бопсалаушылық деректері бар ма? Анықтау барысында сауалнамадағы сұрақтарға оқушылар жоқ, болған жоқ деп жауап берді. Басқа да ақша жинау, бопсалаушылық және зорлық-зомбылық жасау туралы мәлімет тіркелген жоқ.