Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жүзу спортынан ІІІ орын!
05
июль
2022
Жүзу спортынан ІІІ орын!
Талдықорған қаласының мәдениет және спорт бөлімі, қалалық білім бөлімі мен №19 орта мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен өткен “Балалар жылы” аясында 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы суда жүзуден Талдықорған қаласының ашық турнирінде оқушыларымыз командалық есепте ІІІ орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді!!! Ал жекелей сында 4а сынып оқушысы Болат Әбдіқадыр ІІ орынға ие болса, 8а сынып оқушылары Оразалы Аманбек, Ұзақбай Әлижан және Алпысбай Медет ІІІ орынға ие болды! Дене
«Спорт-достық, спорт-денсаулық»
30
июнь
2022
«Спорт-достық, спорт-денсаулық»
"Балалар жылы" аясында мектептің "Жазғы алаң-2022" жоспарына сай 30.06.2022 күні «Спорт-достық, спорт-денсаулық» атты 1 сыныптар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. "Жетісу" тобы жеңімпаз атанса, "Барыс" ІІ орынға және "Қыран" тобы ІІІ орынға ие болды. Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ойын арқылы білім, білік дағдыларын кеңейту.
Республикалық "Айбын-2022" әскери-патриоттық ойындарда ІІ орын!
25
июнь
2022
Республикалық "Айбын-2022" әскери-патриоттық ойындарда ІІ орын!
«Балалар жылы» аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай «Айбын-2022» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Аталған жиында Қазақстан Республикасынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбиеленушілерінен құралған 44 команда күш сынасты.
"Туған өлкем – Жетісуым!" - танымдық саяхат
23
июнь
2022
"Туған өлкем – Жетісуым!" - танымдық саяхат
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 23 маусым күні "Туған өлкем – Жетісуым!" ұранымен мектебіміздің 2 сынып оқушыларына қаламыздағы орналасқан М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, танымдық құштарлыққа жетілдіру, өсіп-өнген өлкесін танып білуін, тарихи білімін қалыптастыру, салт-дәстүрін дәріптеу патриоттық сезімдерін ояту.
"Тамшыбұлақ" киелі жеріне және "Ақын Сара" мемориалды мұражайына танымдық саяхат
20
июнь
2022
"Тамшыбұлақ" киелі жеріне және "Ақын Сара" мемориалды мұражайына
"Балалар жылы" аясында мектебіміздің 7 сынып оқушыларына Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан "Тамшыбұлақ" киелі жеріне және Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ашылған "Ақын Сара" мемориалды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Аталмыш шараның мақсаты: Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу. Өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жас­тардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи
"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі"
16
июнь
2022
"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі"
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 16 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" ұранымен мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі 32-ші түлектері, 50 шәкіртіне кәмелеттік аттестат тапсырып, үлкен өмір жолына аттандырды. Осы оқу жылында 2 түлегіміз, Төлеуғазина
Кезекті танымдық саяхат
13
июнь
2022
Кезекті танымдық саяхат
«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» "Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 10-13 маусым күндері мектебіміздің оқушыларына қаламыздағы орналасқан І.Жансүгіров мемориялдық мұражайы мен М.Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, танымдық құштарлыққа жетілдіру, өсіп-өнген өлкесін танып білуін, тарихи білімін қалыптастыру, салт-дәстүрін дәріптеу патриоттық сезімдерін ояту.
«Балалар еңбегі - Заң шеңберінен шықпайық»
09
июнь
2022
«Балалар еңбегі - Заң шеңберінен шықпайық»
Әр жыл өткізілетін Халықаралық балаларды қорғау күні балаларға дем беріп, бала құқығы мен еңбегіне басты назар аударатын күннін бірі болып саналады. Ондағы мақсат- кәмелетке толмаған жасөспірімдер еңбегінің заңсыз пайдалануына жол бермеу.Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру. Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» квест ойыны
03
июнь
2022
«Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» квест ойыны
"Жазғы мектеп-2022" аясында  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, 4 маусым –Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» атты квеcт –ойыны өтті. Аталмыш шараның мақсаты: -Елтаңба, Ту, Әнұран туралы өскелең ұрпақтың түсініктерін нығайта отырып, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту болып табылады. Облыстық кітапханада өткен бұл қызықты ойынға, қаламыздың жастары қатысып, екі топқа бөлініп бақ сынасты. Оза шапқан,
«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!»
01
июнь
2022
«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!»
Балалар жылына орай «Балалардың игілігі үшін» атты Республикалық акциясы мен 1 маусым - Балаларды қорғау күні аясында «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тұжырымдамасы негізінде "Жазғы алаң-2022" ашылуына байланысты "Біз бақытты баламыз!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалар мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа, бірлікке