31
январь
2023
Кәсіптік бағдар: Жетісу университеті
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары елді-мекендермен қатар Талдықорған қаласының мектеп түлектері үшін де өткізілуде. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 31 қаңтарда Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Шараға 9 сыныптың 116 оқушысы және ағымдағы жылы мектепті аяқтайтын 61 түлек қатысты. Жиынды өткізудегі басты мақсат – болашақ білімгерлерге Жетісу университеті жайлы ақпарат беру.
📌Кездесу барысында түлектерге университет жайлы бейнеролик көрсетіліп, таныстырылым жасалды. Жетісу университетінің төл өнімдері ұсынылып, ақпараттық кітапшалар үлестірілді. Оқу орнының тарихы және мамандықтар бойынша анықтама берілді. Талантты жастарды қолдауға бағытталған жобалар да айтылды. Сонымен қатар түлектерге бейінді пәндерді таңдау, ҰБТ тапсыру қағидалары және оқуға қабылдау ережелері түсіндірілді.
📌Түлектер университетте ашылған жаңа білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты. Кездесуде болашақ білімгерлерге еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіп түрлерін таңдау бойынша кеңестер айтылды. Жиында түлектер мамандық таңдау, қорытынды емтихандардан өту жөнінде түрлі сауалдар қойды. Сұрақтарға орталық мамандары толымды жауап берді.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02W37SuuJ5P1eshikAWQMjZSFMZwBaaLtf6kZJJEqoWbkZHtnSPxU4HkRv5dduERmvl&id=100007330783860