31
январь
2023
"Әке, ана және мен спортшымыз шетінен!"
2023 жылдың 30 қаңтар күні мектебімізде ""Спорт - жетістікке апарар жол" апталығы аясында 1ә сынып жетекшісі С.А.Ақбаева мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.А.Жұрунбаевтың ұйымдастыруымен 1ә сыныбының ата-аналар арасында "Әке, ана және мен спортшымыз шетінен!" атты эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 8 отбасы қатысып, өз мықтысын анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. Төрешілік еткендер "Әкелер мектебі" кеңесі мүшелері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Аталмыш шараның басты мақсаты: ата-аналарды мектепке тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Құттықтаймыз! Спортпен өмір сүр!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02wSaHiJBLwmX1eE7YZoEXTLZGzPzngoG1j6vMkmQjdmjE8EFmvVuD8CGr9MaaXWmil&id=100007330783860

