Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балалар - ел болашағы"
23
май
2018
"Балалар - ел болашағы"
Мектебіміздің 8а сынып оқушысы Сайлаубай Əмір физика пəнінен Республикалық "Балалар - ел болашағы" атты байқаудың аймақтық кезеңіне қатысып үздік сертификатына ие болды. Пəн мұғалімі Г.Исембаева. Құттықтаймыз!
Экоболашақ! Оқушыларымыз бір-бір планшетке ие болды!
23
май
2018
Экоболашақ! Оқушыларымыз бір-бір планшетке ие болды!
Республикалық "Экоболашақ" акциясының мектепішілік қорытындысы шығарылды! Макулатура өткізуде І және ІІ орын алғандар 2в сынып оқушысы Тынышбек Алихан мен 7б сынып оқушысы Мұратбекова Айдана бір-бір планшетке ие болса, ІІІ орын алған 2а сынып оқушысы Орынтай Абылай мектеп жаныңдағы лагерьге тегін демалуға жолдама алды. Ал сыныптар бойынша: І орынға 2в сыныбы, ІІ орынға 3ә мен 6а сыныптары және ІІІ орынға 4а мен 7б сыныптары ие болды. Сынып жетекшілері: А.Лаубаева, М.Айтболатова, А.Дәуренбекова,
Қала бойынша "Эко болашақ" жобасы қорытындыланды
23
май
2018
Қала бойынша "Эко болашақ" жобасы қорытындыланды
Республикамызда "Эко болашақ" əлеуметтік-экономикалық жобасы қолға алынып отыр, осы орайда 21.05.2018 күні аталмыш науқанның 1 және 2 тур бойынша қорытындысы шығарылып Талдықорған қаласы бойынша үздік шыққан және белсенді қатысқан мектептер бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Нәтижесінде І орынға №5 мектеп, ІІ орынға №4 мектеп және ІІІ орынға №18 орта мектеп-лицейі ие болды. "Экоболашақ" акциясының басты мақсаты: өскелең ұрпақты үнемшілдікке тәрбиелеу, қалдықтарды бөлек жинау
"Жыл мұғалімі-2018" байқауында "Бас жүлдеге" ие болдық!
17
май
2018
"Жыл мұғалімі-2018" байқауында "Бас жүлдеге" ие болдық!
Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Каранеева Айнұр Жұмағазықызы қалалық "Жыл мұғалімі-2018" байқауында "Бас жүлдеге" ие болды! Құттықтаймыз! Алар белесіміз көп болсын! Мектеп әкімшілігі, Биғайша Серікболқызы бастаған шығармашылық топқа алғысын білдіреді!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасуының 20 жылдығы»
16
май
2018
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасуының 20 жылдығы»
Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні мектебімізде 8-10 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты ұйымдастырылды. Осы шара барысында бейне ролик, слайдтар көрсетілді, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары жəне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығы туралы мəлімет беріліп, оқушылар өзара пікір алмасты.
«Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы»
15
май
2018
«Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы»
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебімізде 2018 жылдың 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібінде: - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі; - 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау; - оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы; - мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі, - отбасы құндылықтарын
"Рәміздерім елдігім, ГИМНІМ айбыным"
15
май
2018
"Рәміздерім елдігім, ГИМНІМ айбыным"
2018 жылдың 14 мамыр күні мектебімізде "Рәміздерім елдігім, ГИМНІМ айбыным" ұранымен барлық сыныптарда, білім алушыларымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындады.Бұл акцияның мақсаты: Өскелен ұрпақты Гимніміздің мағынасын терең түсіне білуге. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Түлегіміз оқу грантына ие болды!
13
май
2018
Түлегіміз оқу грантына ие болды!
Мектебіміздің 11 сынып түлегі Елдос Екпін география пәнінен өткен Республикалық Кіші ғылыми байқауында І орынды жеңіп алып, Орталық-Азия университетінің оқу грантына ие болды. Пән мұғалімі Адырбаева Кулсімхан Қылышханқызы. Құттықтаймыз!!!
Спорттық туризм - 2018 жарысы өтті
13
май
2018
Спорттық туризм - 2018 жарысы өтті
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, қаламызда ағымдағы жылдың 10-12 мамыр күндері аралығында Талдықорған қалалық кәсіподақ комитеті мен қалалық білім бөлімімінің ұйымдастыруымен қала мектептері қызметкерлері арасында спорттық туризмнен жарыс өткізілді. Осы жарыста мектебіміздің командасы "Туристік бағыт бағдар" байқауында ІІ орынға ие болды! Ал тарих пәнінің мұғалімі Құлдасова Әсем "Үздік аспазшы" номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!!!
ICILS-2018 халықаралық апробациялық зерттеуі өткізілді
13
май
2018
ICILS-2018 халықаралық апробациялық зерттеуі өткізілді
Үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні мектебімізде ICILS-2018 халықаралық апробациялық зерттеуі өткізілді. ICILS зерттеуінің мақсаты – 8 сынып оқитын оқушылардың IT-құзыреттері деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау. Бұл зерттеу оқушылардың IT-құызретін қалыптастыру мектеп біліміне қалай әсер етеді және балалардың IT-дағдыларының дамуына қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді. Өткізілу реті: оқушыларды тестілеу және оқушылардан, мектеп әкімшілігінен,