Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Болашаққа бағдар: жемқорлықсыз болашақ"
12
ноябрь
2018

"Болашаққа бағдар: жемқорлықсыз болашақ"

Ағымдағы жылдың 9 қараша күні мектебімізде мектеп әкімшілігі мен мектепішілік ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар: жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізді. Аталмыш шарада «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясының» негізгі міндеттері түсіндіріліп, мектептердегі мақсатсыз қаражат жинау мәселелері талқыланды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Сондай-ақ мектептің психологы А.Нұғыманова "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық туралы баяндама оқыды. Осы мәселе бойынша ата-аналар сөз алып, өз ойларын ортаға салды.
"Болашаққа бағдар: жемқорлықсыз болашақ"
"Болашаққа бағдар: жемқорлықсыз болашақ"