Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2018

«Өмір шежіресі»

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп- лицей кітапханасында қазақ ақыны, ағартушы қоғам қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туылғанына 125 жыл толуына орай «Өмір шежіресі» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Игі шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, ұлы ақынның шығармаларын талқыланды. Бұл шараның басты мақсаты: Оқырмандарға жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, Алаш ардақтысы, қазақтың ойшылы,армандап кеткен дара ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Оқушы шығармашылығы мен ізденімпаздығын арттыру,кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн боламын» деп жырлаған Алаш ардақтысы халықты қараңғылықтан құтқаруға күш салды. Ел-жұртты білім алуға шақырған ғұлама-ағартушы елін ойлаған есіл ер еді. Ақынның шоқтығы биік туындыларының бірі «Қамар сұлу», сондай-ақ, «Шәкірт ойы» секілді құнды дүниелері оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы дүниеге келіп, бар-жоғы 27 жыл ғана ғұмыр кешкен. Ұлы ақын қысқа ғұмырында халқына өлмес мұра қалдырды. Қоғам қайраткері «Айқап» журналының жауапты хатшысы бола жүріп, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» атты бірқатар уытты шығармаларын тарту етті. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн боламан!» деп, кейінгі ұрпаққа өнегелі іс жасады. Кіріспе сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысы Мария Данабатшақызы: Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы шолу жасады. С.Торайғыровтың озық шығармалары əдебиет дамуының желісін, кезеңін көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қазақ халқының сол замандағы қоғамдық ой-пікірінің зор белесі болып табылады. Оның қай шығармаларын алсаңыз да алғаусыз ақтарылып, тоқтаусыз төгілген ақпа-төкпе ақындықтың куəсі боласыз. Сұлтанмахмұт шығармалары өзіне дейінгі əдебиетті қорыту, өзінен кейінгі əдебиетке із салу сынды əсер етеді. Шара барысында 8 «А», «Ә», «Б»сынып оқушылары Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен шығармашылығына тоқталып ,өлеңдерін мәнеріне келтіріп айта білді, әр шығармашылығына толық мәлімет береді. Шараны қортынды сөзімен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Анар Досбайқызы Садуақасова аяқтады. Бүгінде С.Торайғыровты зерттеу, тану бір салалы жұмыс, ғылым деуге болады,адам жасаған дүние адамға қалады, əке бастаған, істеген іс — балаға, бала бастаған іс, жасаған нəрсе — ұрпаққа мұра.Сол сияқты Сұлтанмахмұттың шығармалары да олар жөнінде алдыңғы толқын ағалар істеген істер, жазған, жариялаған мақалалар мен кітаптар да, айтқан дұрыс-бұрыс ой-пікірлер де — бəрі де қазіргі жаңа толқын жастарға, кейінгі ұрпаққа мұра, солардың асыл қазынасы.
«Өмір шежіресі»
«Өмір шежіресі»
«Өмір шежіресі»
«Өмір шежіресі»
«Өмір шежіресі»
«Өмір шежіресі»