Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Спортпен өмір сүр!
10
ноябрь
2018
Спортпен өмір сүр!
Мектебіміздің директоры Құдайбергенов Шалқар Мелісұлы мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттауда, дене шынықтыру және спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін қала әкімі Д.Шалтабаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз! Жеңісті сәттеріміз көп болсын!
«Әріптестер сапқа тұр, жарысайық!»
25
октябрь
2018
«Әріптестер сапқа тұр, жарысайық!»
2018 жылдың 20 қазан күні қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектеп ұжымы арасында «Әріптестер сапқа тұр, жарысайық!» атты көңілді эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа төрт команда жасақталып, қырықтан аса мұғалімдер мен жұмысшылар қатысты. Аталмыш шара директордың құттықтау сөзімен
"Есірткі және құқық бұзушылық" пікір-талас конференциясы
20
октябрь
2018
"Есірткі және құқық бұзушылық" пікір-талас конференциясы
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні мектебімізде мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы Д.Алтайұлының ұйымдастыруымен 9-10 оқушылары арасында "Есірткі және құқық бұзушылық" тақырыбында пікір-талас конференциясы өткізілді. Мақсаты. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туры түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір
Үстел теннисінен ІІ орын!
19
октябрь
2018
Үстел теннисінен ІІ орын!
Мектебмізде дене шынықтыру және спорт апталығы аясында үстел теннисінен қала мектептері арасында қалалық жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға №19 мектептің командасы, ІІ орынға алан иелері, №18 мектеп-лицей командасы және ІІІ орынға №14 мектептің командасы ие болды! Ал жекелей сында мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Талғат Айжан І орынға ие болды! Мектеп намысын абыроймен қорғап шыққан 9а сынып оқушысы Қайрат Жасұланға, 8ә сынып оқушылары Әбден Дарын мен Талғат Айжанға алғысымызды білдіреміз.
"ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" Республикалық ата-аналар конференциясы
14
октябрь
2018
"ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол"
Үстіміздегі жылдың 13-14 қазан күндері мектебімізде кезекті "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" атты Республикалық ата-аналар конференциясы аясында "Бастауыш сынып пен 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты-ата-аналарды бастауыш сынып оқушыларында, яғни, 7-9 жас пен 13-15 жас аралығында болатын психологиялық ерекшеліктер, тәртібінде, қылығында, оқуында кездесетін қиыншылықтар жөнінде мағлұмат
"Елбасымыз жолдады, ұстаздар қолдады.."
09
октябрь
2018
"Елбасымыз жолдады, ұстаздар қолдады.."
"Елбасымыз жолдады, ұстаздар қолдады.." Мектеп-лицейі директоры Ш.М.Құдайбергенов өз сөзінде: «Бұл Жолдаудың мұғалімдердің кәсіби мейрамымен тұстас келуі көңілдерге жылу әкелгендей болды. Олай дейтін себебіміз, еліміздегі 300 мың мұғалімдер қауымының көкейінде жүрген, соңғы жылдары ата-ана, мұғалім, оқушы» дейтін үштік одақтың арасында туындап жататын кейбір келеңсіз жайттардың шешімін табатындай бір құжат керек-ақ еді. Елбасымыз бұл жолы да өзінің көрегендігін танытты. «Мұғалімдердің
«Нашақорлыққа жол - жоқ!»
06
октябрь
2018
«Нашақорлыққа жол - жоқ!»
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1-5 қазан күндері аралығында «Нашақорлыққа жол - жоқ!» атты тақырыпта 4-7 сыныптар арасында сурет салудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың жастығын сақтайтын, кедергі келтіретін есірткі, ішімдік сияқты санамызды улап, еңсемізді түсіретін қылықтардан бойымызды таса ұстау. Байқау соңында қатысушылар «Ең үздік суретші», «Ең шебер суретші», «Ең ұшқыр ойлы суретші» номинациялары бойынша мақтау
Ерекше әсерге толы - "Балдәурен"
29
сентябрь
2018
Ерекше әсерге толы - "Балдәурен"
Мемлекетіміздің қолдауымен спортта жетістіктері бар оқушыларымыз Қапшағай қаласында орналасқан "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында үш аптадай демалып келді. Балалар ерекше әсермен оралды. Ондағы табиғи ландшафты, құмды Қапшағай жағалауы, мөлдір таза суы, тамаша пейзаждар балаларға тамаша демалыс және жақсы көңіл-күй сыйлады. Мұнда балаларға тартымды демалуға барлық жағдай жасалған. Денсаулығын қалпына келтіру, шығармашылықпен шұғылдануға өзара қарым-қатынасқа және түрлі өнерге
Біз туристпіз!
27
сентябрь
2018
Біз туристпіз!
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің отаншылдық сезімдерін ояту, экспедициялық жасақтардың қызметін жандандыру жолы мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бүкіләлемдік туризм күніне орай мектебіміздің 8 сынып оқушыларына қаламыздағы «Ардагерлер саябағы» манындағы Қаратал өзені бойына туристік жорық ұйымдастырылды. Аталмыш шара аясында оқушыларға командалық
"Физикалық белсенділік"
23
сентябрь
2018
"Физикалық белсенділік"
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүргізіліп жатқан "Физикалық белсенділік" акциясы аясында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында спорттық көпсайыстан жарыс өткізілді. Аталмыш жарыста І орынға 6б кадет сыныбы жеңіске жетсе, ІІ орынға 6а сыныбы және ІІІ орынға 6ә сыныбы ие болды. 9-10 сыныптар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Қорытындысында І орынға 9б сыныбы жеңіске жетсе, ІІ орынға 10а сыныбы және