02
ноябрь
2019
"Көшбасшы" желілік педагогикалық қауымдастықтың өзара тәжірибе алмасу семинары өткізілді
Үстіміздегі жылдың 1 қараша күні мектебімізде Талдықорған қаласының №1, №2, №4, №8, №13, №18 орта мектептері ынтымақтасқан "Көшбасшы" желілік педагогикалық қауымдастықтың өзара тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Аталмыш семинарда мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары: Дәуренбекова Светлана, Дүйсекенова Айгүл, Қалиева Әсия, Құрманғалиева Раушан, Дүзгенбаева Бақыт, Исенбаева Гүлнар, Абуғалиева Әсем және Исабаева Маржан шеберлік сабақтарын көрсетті. "Көшбасшы" желілік қауымдастықтың тақырыбы: Оқушылардың өз бетінше білім алуын ынталандыру мен дамытуға бағытталған диалогтік оқыту арқылы сыни ойлауын арттыру. Мақсаты: Оқу мен оқытуды диалогтік оқытудың ерекшелігі арқылы оқушылардың сыни ойлай алатын қабілеттерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу. Міндеті: Мұғалімдердің кәсіби білім-біліктілігін арттыра отырып кәсіби шеберліктерін шыңдау, бір-бірімен тәжірибе бөлісу мен алмасу, тығыз қарым-қатынаста болу.