Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалау жүргізу туралы әдістемелік ұстанымдар"
21
май
2020
"Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалау жүргізу туралы
2020 жылдың мамыр айында өткен Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалау жүргізу туралы әдістемелік ұстанымдар" тақырыбында өткен вебинарда мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Каранеева Айнұр Жұмағазықызы 5 сыныптың БЖБ үлгісімен бөлісті. Басшылыққа алынған нормаларға сай оқушылардың белсенділіктерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып вебинар қатысушыларына өз ұсынымдарын жеткізді. Осы сәтті өткен вебинарда
Мың тағзым саған, майдангер!
21
май
2020
Мың тағзым саған, майдангер!
Бақтыбай ата мектебінің оқушылары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Мың тағзым саған, МАЙДАНГЕР!" айдарымен өз челлендждерін бастап кетті! Экранда 6б сынып оқушылары! #ҰЛЫЖЕҢІС75 #ЖЕҢІСТІҢРУХЫБИІК #БІЗБІРГЕМІЗ #ҮЙДЕНШЫҚПАҢЫЗ #ВЕЛИКАЯПОБЕДА #СПАСИБОВЕТЕРАНАМ
"Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның"
21
май
2020
"Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның"
19.05.20 күні "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы мен «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру мақсатында мектебіміздің 10 сынып оқушыларымен Алматы облыстық салауатты өмір салтын насихаттау кабинеті қызметкері Сұлтанбекова Айгерім Жасболатқызы "Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның" тақырыбында онлайн пікір алмасу сағатың өткізді. Мақсаты: оқушыларға темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған
Сенімнен шығу серт болсын!
21
май
2020
Сенімнен шығу серт болсын!
Әріптестеріме дән ризамын. Жалпы, мұғалімдер қауымы қандай да болсын қалыптасқан жағдайға тез бейімделеді ғой. Оның астарында бұл мамандық иелерінің зор жауапкершілігі және жанкешті еңбектері жатыр. Қашықтықтан оқытуға да олар үлкен жауапкершілікпен келді. Мектеп бойынша алғашқы күні І-кезектегі 617 оқушының 605-і, ІІ-кезектегі 470 оқушының 456-ы алғашқы сабақтарға қатысты. Ата-аналар атынан бірнеше жылы лебіздер түсті. Оған бір мысал:7 «Б» кадет сынып ата-анасы Шлембаева Бибігүл мұғалімдерге
Құқыбұзушылықты алдын алу - күн тәртібінен алынбас
30
апрель
2020
Құқыбұзушылықты алдын алу - күн тәртібінен алынбас
Құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушы – мұғалім – ата-ана байланысын күшейту мақсатында қашықтан оқыту кезінде мектеп бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Сынып жетекші мен ата-аналар және сынып жетекші мен оқушылар арасында ватсап мессенджері арқылы чат ашылды. Әр ата-аналар чатына мектеп әкімшілігі, мектеп психологы мен мектеп инспекторы өздерінің ақыл-кеңестерін видео хабарлама ретінде жіберіп отырды. Сондай-ақ әр сынып жетекшісі Zoom платформасы арқылы сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.
"Ұлттық қолөнер - құндылықтар бастауы"
16
март
2020
"Ұлттық қолөнер - құндылықтар бастауы"
2020 жылдың 14 наурыз күні Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай әлемінде" ұранымен "Ұлттық қолөнер - құндылықтар бастауы" тақырыбында қолөнер және бейнелеу өнері көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмені ұйымдастыруда мектебіміздің технология пәні мұғалімдері Ж.Сағатова, Қ.Сәрсембаев, Б.Омаралин және бастауыш сыныптың мұғалімдері белсенділікпен атсалысты. Көрмеге мектебіміздің еңбекқор әрі өнерлі оқушыларымыздың қолдан жасалған бұйымдары мен қолдан салынған суреттері қойылды. Көрмеге түрлі
"Ұлттар достығы таусылмас қазына"
13
март
2020
"Ұлттар достығы таусылмас қазына"
2020 жылдың 12 наурыз күні мектебімізде эстетика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлттар достығы таусылмас қазына" атты ұлттар достығына арналған салт-дәстүр, әдет-ғұрып байқауы өткізілді. Бақау 3 кезеңнен тұрды: 1. Елін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныстыру. 2.Ұлттық би және 3.Ұлттық тағам. Әр сынып өздері таңдап алған ұлт өкілдері бойынша сынға түскен олар өз ұлтының мәдениетімен таныстырып қана қоймай, ұлттық билерімен тамсандырды. Сондай-ақ, сол елдің салт-дәстүрлерін көрсетіп,
Дара шыққан Дархан!
13
март
2020
Дара шыққан Дархан!
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқжігітов Дархан Нұрханұлы қалалық "Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-2020" байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі диплом мен "Инновация авторы" номинациясына ие болды. Сондай-ақ бағалы сыйлықтың сертификаты табысталды. Құттықтаймыз! Осы ұстаздық жолында көптеген табыстар тілейміз.
"Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған"
13
март
2020
"Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған"
Мектебіміздің 10а сынып оқушысы Нұрбосын Назерке "Мен жастарға сенемін!" атты қалалық "Мұқағали оқулары" байқауына қатысып, "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" бағыты бойынша І орынға ие болды. Жетекшісі Анар Доспайқызы Садуақасова. Құттықтаймыз!!!