04
апрель
2021
«Цифрлы Қазақстан – цифрлы кітап»
Оқушылардың кітап оқу мәдениеті мен оқу сауаттылықтарын дамыту бүгінгі қазақстандық мектеп кітапханаларының міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда 2021 жылдың 2 сәуір күні мектебіміздің кітапханашысы М.Д.Ботаева вебинар ұйымдастырып, қала мектептерінің кітапханашыларына «Цифрлы Қазақстан – цифрлы кітап» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға қалалық білім бөлімінің аға әдіскері Какимбаева Қарлығаш Демесінқызы қатысып, өзінің оң бағасын берді. М.Ботаева өз сөзінде: - Мен, өзім де қызығып осы QR кодты тереңірек зерттеп біліп, өз тәжірибемді әріптестермен бөлісуді жөн көрдім. 50- ден астам QR коды бар кітаптар топтамасын құрып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ақпараттық стенд жасатып, осы QR кодты кітаптарды енгізіп, оқушыларға насихаттап жатырмыз.




