13
апрель
2021
"Ғарышты бағындырған - Ұлы дала батырлары"
2021 жылдың 12 сәуірінде - Ғарышкерлер күніне орай бастауыш пен орта буын сыныптарында "Ғарышты бағындырған - Ұлы дала батырлары" ұранымен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Аталмыш шарада алғаш ғарышқа ұшқан адам Ю.А. Гагарин, В. Терешкова және Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және жерлесіміз Айдын Айымбетов жайында ғұмырнамалық деректер айтылып, әлемдегі теңдесі жоқ «Байқоңыр» Халықаралық ғарыш станциясы жайында тарихи мәліметтер берілді. Сонымен қатар Қазақстан ғылымы мен ғалымдарын танымал ету мақсатында білімпаз оқушыларымыздың әзірлеуімен "GYLYM TALKS" атты деректі видео роликтер көрсетілді. Ал 1-7 сыныптар арасында "Шексіз ғарыш әлемі" атты сурет салу эстафетасы жүргізілді. Мектеп кітапханашысы «Ғарышты бағындырған Қазақстан» тақырыбында библиографиялық шолу ұйымдастырды.
Мақсаты: тарихқа шолу жасай отырып, оқушыларға «ғарыш» туралы мағұлмат беру, ғарышқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған ғалымдармен таныстыру және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуға дайындықтарына тоқталып, қазақ ғарышкерлерімен таныстыру және өскелен ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, батыр ағаларымызды үлгі тұтуға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады.