11
декабрь
2022
«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді
2022 жылдың 9 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде АӘТД пәні оқуытушысы Б.Мустафиновтың ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені 9а сыныбы оқушылары жеңіп алса, І орынға 9в сынып оқушылары, ІІ орынға 9ә сынып оқушылары және ІІІ орынға 9г сынып оқушылары ие болды. Құттықтаймыз!








