Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді
10
декабрь
2021

Мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді

2021 жылдың 10 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай мектебімізде 10-11 сыныптар арасында мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынға 10а сынып оқушылары, ІІ орынға 10б сынып оқушылары және ІІІ орынға 11ә сынып оқушылары ие болды. Сондай-ақ 11ә сынып оқушысы Марат Али "АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау" мен "Кермеге тартылу" бойынша үздік атанса, 10а сынып оқушысы Бегәлі Ақжол "Үздік мерген" атағына ие болды, ал 10б сынып оқушысы Оразова Еркежан "Шалқадан жатып кеудені көтеру" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!