04
апрель
2022
«Көк құрақ-жердің сәулеті, құс-елдің дәулеті»
Мектебімізде 30 наурыз - Жерді қорғау күні мен 1 сәуір – құстар күніне арналған бастауыш сыныптарда «Табиғат тағдыры-адам тағдыры» тақырыбында және 5-7 сыныптарда «Көк құрақ-жердің сәулеті, құс-елдің дәулеті» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен таныстыру. Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ оқушыларға құстар және олардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.






