Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу"
10
сентябрь
2022

"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу"

2022 жылдың 9 қыркүйек күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде жоғары сынып оқушыларымен кең ауқымды жиналыс өткізілді. Аталмыш шараны өткізіп, оқушылармен түсіндірме жұмыстарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев, педагог-психолог – Д.Қ.Көкежанова, Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ УПИ мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты – Д.Тұрсыновалар жүргізді. Шара барысында алаяқтық туралы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, әлімжеттік пен бопсалаушылық, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қорғану шаралары туралы түсіндірілді.