Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2022

Бірлескен жұмыс ұтымды

"Балалар жылы" мен "Біз денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеппіз" жобасы аясында 2022 жылдың 15 наурыз күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде 8-11 сынып оқушыларымен кең ауқымды жиналыс өткізілді. Аталмыш жиналысқа -педагог-ұйымдастырушы – Б.Тайыржан, педагог-психолог – Д.Қ.Көкежанова, Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ УПИ мектеп инспекторы полиция лейтенанты – Д.Тұрсынова, акушер-гинеколог дәрігері – Дәулетбақ Айкерім Қазыбекқызы және «Жастар денсаулық орталығы» маманы – Затбаева Мөлдір Мұратқызы қатысты. Шара барысында отбасы және неке мәселелері бойынша санитарлық ағарту және кеңес беру, жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі туралы ағарту, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдер суицидінің алдын алу мен қорғану шаралары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ денсаулыққа залалын тигізетін ішімдік, темекі, нашақорлық сияқты зиянды нәрселерден жастарымыздың бойларын аулақ ұстаулары керектігі жөнінде ақыл-кеңестерін берді, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты түсіндірілді.