Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алақай, жазғы лагерь!» - оқушыларымыз қала сыртындағы лагерьде демалды
06
июль
2022

«Алақай, жазғы лагерь!» - оқушыларымыз қала сыртындағы лагерьде демалды

«Балалар жылы» аясында 2022 жылдың 1 - 6 шілде аралығында жергілікті әкімшіліктің қолдауымен мектебімізден 84 оқушы Текелі қаласындағы "Алтын Чажа" сауықтыру лагерінде демалып, денсаулықтарын нығайтты. Лагердің күн сайынғы тіршілігі спорттық және дамыту ойындарына, тауға жорық жасауға, флэшмоб, шығармашылық және интеллектуалды конкурстар сияқты балалардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытатын, дербестігін, еркіндігін оятып, ашатын, жаңа нәрсені үйреніп, жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік беретін іс –шараларға толы болды. Балаларымыз шаттыққа толы, көтеріңкі көңіл күймен, лагерьді қимай үйлеріне оралды.