29
сентябрь
2018
Ерекше әсерге толы - "Балдәурен"
Мемлекетіміздің қолдауымен спортта жетістіктері бар оқушыларымыз Қапшағай қаласында орналасқан "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында үш аптадай демалып келді. Балалар ерекше әсермен оралды. Ондағы табиғи ландшафты, құмды Қапшағай жағалауы, мөлдір таза суы, тамаша пейзаждар балаларға тамаша демалыс және жақсы көңіл-күй сыйлады. Мұнда балаларға тартымды демалуға барлық жағдай жасалған. Денсаулығын қалпына келтіру, шығармашылықпен шұғылдануға өзара қарым-қатынасқа және түрлі өнерге баулуға мүмкіндік мол. Талдықорған қаласынан 200-ге жуық бала бұл бақытқа ие болды.