09
июнь
2022
«Балалар еңбегі - Заң шеңберінен шықпайық»
Әр жыл өткізілетін Халықаралық балаларды қорғау күні балаларға дем беріп, бала құқығы мен еңбегіне басты назар аударатын күннін бірі болып саналады. Ондағы мақсат- кәмелетке толмаған жасөспірімдер еңбегінің заңсыз пайдалануына жол бермеу.Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.
Бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемде: өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді.
Ұлдарға қарағанда қыздар зорлық-зомбылыққа көбірек түсіп, еңбегі қаналып жатады. Мұндай жағдайға әлі де оң-солын тани білмейтін мектеп қабырғасындағы жасөспірім қыздар ұрынады. Заңсыз еңбегі қаналып, осындай айуандық әрекеттердің құрсауына түспес үшін балалар өз құқықтарын біліп жүруі керек.
Заңсыз еңбегі қаналып, осындай айуандық әрекеттердің құрсауына түспес үшін балалар өз құқықтарын біліп жүруі керек.
Көп адамдар балалар еңбегі мен еңбек тәрбиесін шатастырады. Еңбек тәрбиесі дегеніміз – үйде ата-анаға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға араласу. Мұндай балаларға зиянсыз еңбектен келіп кетер еш қауіп жоқ. Керісінше, бұл баланы тәрбиелеудегі, болашақ өмірге бейімдеудегі негізгі құрал. Ал оған қарсы балалар еңбегін заңсыз пайдалану, мәжбүрлеп жұмыс істету деген ұғым бар. Балаларға қатысты еңбек заңына сүйенсек, 18 жасқа толмағандарға ауыр жұмыс істетуге тыйым салынған. әрі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күніне 2 жарым сағаттан 4 сағатқа дейін ғана еңбек ету рұқсат етілген. 14-16 жас аралығындағылар аптасына 24 сағат; 16-18 жас аралығындағылар аптасына 36 сағат қана еңбекке тартылуы керек. Біздің елде 14 жастан асқан баланың сабақтан тыс уақытта еңбекке араласуы рұқсат етілгенмен, олардың психикасы мен физиологиясына кері әсер ететін жұмыс істеуіне болмайды.
Бала бақытты өмір сүруге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, ойын ойнап, дем алуға құқылы.Ал Орталық Азияда балаларды көбінесе садақа сұрауға, ұрлық жасауға, мақта теруге, құрылыс жұмыстарына, сауда-саттыққа жұмсайды. Ал бұл өз кезегінде баланың құқын шектеп, денсаулығына зиянын тигізді. Әсіресе, жазғы демалысында ата-анасы аяусыз жұмсап, жұмысқа жегеді. Өйткені 16 жасқа толмаған бала күніне 2,5 сағат қана жұмыс істеуі тиіс».
Конституциямыздың 12 - бабында:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқытары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Әрбір істің бала таппас шешімін
Жаза беріп, айта көрме кесімін
Байқаусызда балалығын жасап - ап
Ағат басса, бергін оған кешірім,-
дей отырып, бала еңбегін заңсыз қолдана алмаймыз деген қорытындыға келеміз.
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының Президенті
Ақынқызы Ақерке