09
октябрь
2018
"Елбасымыз жолдады, ұстаздар қолдады.."
"Елбасымыз жолдады, ұстаздар қолдады.."
Мектеп-лицейі директоры Ш.М.Құдайбергенов өз сөзінде:
«Бұл Жолдаудың мұғалімдердің кәсіби мейрамымен тұстас келуі көңілдерге жылу әкелгендей болды. Олай дейтін себебіміз, еліміздегі 300 мың мұғалімдер қауымының көкейінде жүрген, соңғы жылдары ата-ана, мұғалім, оқушы» дейтін үштік одақтың арасында туындап жататын кейбір келеңсіз жайттардың шешімін табатындай бір құжат керек-ақ еді. Елбасымыз бұл жолы да өзінің көрегендігін танытты. «Мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы Заң» шығаруымыз керек» деген шешімі 300 мың педагогтар қауымын түгелдей қуантты деп сеніммен айта аламын. Бұл өте маңызды шешім. Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов: «Елді түзетуді мектепті түзетуден бастау керек» деген. Ал, сол мектептің жүрегі де, тірегі де мұғалім емес пе?! Мұғалімнің мәртебесін көтеру мәселесі нағыз дер кезінде көтеріліп отыр. Мұғалімге деген көзқарастың соңғы жылдары құлдырап кетуінің өзіндік себептері де болды. Жалақысының аздығы, қоғамдағы көзқарастың төмен болуы, ата-аналар үстемдігінің артуы т.б.с.с. себептер мұғалімдік мамандыққа деген сұраныстың өзін төмендетіп жіберді. Педагогикалық оқу орнына түсуге деген үміткерлердің саны азайды, сапа емес, сан қуалау белең алды. Нәтижесінде мектепке келіп жатқан жас мамандардың дайындық сапасы төмендеп кетті. 2019 жылдың 1 қаңтарында қабылданғалы отырған Заң мұғалімдер қауымының мәртебесімен көтерумен қатар, олардың мемлекетке берері де көп болсын. Білім, ғылымы көркеймеген ел, өркендемейді - деген.»
Б.С.Қауметова, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.
«Елбасымыздың осы жолғы Жолдауы ерекше форматта өтті деп есептеймін. Ендігісі – бұл Жолдаудың орындалуы болып отыр. Оған бәріміз атсалысуымыз қажет. Қаңтарда қабылданатын Заңға өз пікірімізді, ұсынысымызды қосуымыз керек. Әсіресе, біздер, ұстаздар қауымы үшін ерекше Жолдау болды. Президенттің мұғалімдер қауымына деген ықыласы мен құрметі бізге қамқорлықпен айтқан сөздері жүрекке жылы тиді. Сенім артылғанда, сол сенім биігінен шыққың келеді емес пе?! Жолдау әріптестер арасында үлкен серпіліс тудырды. Бұған дейін де мұғалімдердің еңбекақысына байланысты аттестаттаудың жаңа жүйесі жасалды. Мектебімізде үш мұғалімнің «модератор» деңгейінде еңбекақылары 30 пайызға; 3 мұғалім-сарапшының еңбекақысы 35 пайызға; 4 зерттеуші-мұғалімнің еңбекақылары 40 пайызға өсті. Мұны да мұғалімдерге жасалып жатқан қамқорлықтың бір көрінісі деп білуіміз қажет.»
Ә.Ә.Қалиева, І-деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалім.
«Елбасымыздың қоғамда орын алып бара жатқан кез-келген келеңсіз жайттарға сергек қарап, өткір ұсыныстар жасап отыратыны сүйсінтеді. Бұл жолы да солай болды. «Мұғалім өзінің бастапқы функциясымен айналысуы қажет, оларды жергілікті орындарда орынды, орынсыз жұмыстарға жұмсауды қысқарту керек» дегені әкелік қамқорлық емес пе?! Менің әріптестерім бұл ұсыныстарды зор қуаныш, үлкен серпіліспен қарсы алды. Жолдаудың форматы қызықты, интерактивті болды. Расында, мұғалім мәртебесі төмендеп кеткені қашан?! «Барлық мамандық адамдардың өзінен, 3 мамандық қана құдайдан: педагог, сот және дәрігер» деген Сократтың сөзін өмірлік ұстаным етіп жүрген ұстаздардың еңбек етуге деген ынтасы арта түсті, бұл өте маңызды үрдіс. Өйткені олар мемлекеттің келешегі жастарға білім мен тәрбие беретін жеке тұлғалар ғой.»
А.Ж.Каранеева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі облыстық «Үздік жыл мұғалімі – 2018» байқауының ІІ орын жүлдегері.
«Жолдаудағы мені қатты қуантқаны 6 бағыттың да басты мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсарту болып отыр. 22 мың адам жұмыспен қамтылады, 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтауға ішкі өнімнің 10 пайызы жұмсалмақ. Бұл дегеніміз зор игілік қой. Адамдардың өмір сүру сапасының артуы бүкіл қоғамның ілгері дамуына игі ықпал етеді. Батыстың прагматизмі мен Азияның ақыл-ойы бір бойына дарыған менің Президентімнің кезекті Жолдауынан мен тек осыны күткенмін.»
Р.А.Туғанбаева бастауыш сыныптың І санатты мұғалімі.
«Бастауыш мектепте 30 жылға жуық істеймін. Жүрегіміздің қалауымен, ата-анамыздың бағыт-бағдар беруімен осы мамандықты таңдағанбыз. Соңғы жылдары бұл тенденция мүлде өзгерді. Мұғалімдік мамандықты таңдайтындардың саны азайып, «мұғалім бол» дегенге кекесінмен қарайтындар көбейді. Мектепке университетті әрең бітіргендер келіп, ата-аналар тарапынан оларға көңіл толмаушылық көбейді. Отбасы тәрбиесінде мұғалімдердің тарапына айтылған қаңқу сөздерді партада отырғандар естіп өсті. Осының нәтижесі Елбасын да қатты алаңдатқан екен. Өте орынды, дәл уақытында, аса маңызды Заң болмақ бұл! Ризамын, Президентіме!»