20
май
2021
Мектепішілік "Педагогикалық дебют-2021" жас мамандар байқауы өткізілді
Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектеп-лицейінде мектепішілік "Педагогикалық дебют-2021" жас мамандар байқауы өткізілді. Байқаудың І кезеңінде жас мұғалімдер Zoom платформасында 30 минуттық ашық сабақ көрсетті. Нәтижесінде, жинаған балдары бойынша ІІ кезеңге жолдама алған 5 жас мұғалім 4 тур бойынша бәсекеге түсті.
І тур - "Мен жаңашыл мұғаліммін!" /Жұмыс жүйесін қорғау/
ІІ тур - "Менің мұғалімдік 1 күнім" /яғни, "Өз-өзіне режиссер" айдары/
ІІІ тур - "Педагогикалық блиц" /Жылдам жауап/
ІV тур - "Өнерпаз болсаң, арқалан!" /Ерікті түрде өзінде бар өнерін көрсету/
Байқауға төрелік еткен Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов және қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша Бас жүлдеге тарих пәнінің мұғалімі Абдрахманова Әсел Ерланқызы ие болды. І орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есенбаева Әсел Аханқызы иеленсе, ІІ орынға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қапанова Салтанат Нұрлыбайқызы ие болды. Ал ІІІ орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мырзахмет Әмір Абзалұлы мен музыка пәнінің мұғалімі Гүлден Мұқан ие болды. Қатысушылар мектеп директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мектеп бастауыш кәсіподақ кеңесінің төрайымы Манат Серікқызы жас мұғалімдерге ақшалай сыйлықтар табыс етті. Құттықтаймыз!