28
декабрь
2021
Кадеттер арасында өткен жарыста жеңімпаз атандық
2021 жылдың 25-желтоқсан күні №14 орта мектеп-гимназиясы қабырғасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты қалыптастыру және кадеттердің әскери рухын көтеру мақсатында Талдықорған қаласының №18 орта мектеп- лицейі мен №14 орта мектеп-гимназиясының кадет сыныптар арасында «Жас қыран» әскери-спорттық жарысы өткізілді. Осы жарыста мектебіміздің 9б кадет сынып оқушылары І орынға ие болса, 8а кадет сыныбы ІІІ орынға ие болды. Номинациялар бойынша 9 сыныптар: "Үздік командир" атағына Айтмұханбет Әбілмансұр, "Үздік мерген" атағына Жанайдар Малика, "Үздік саптық жүріс" атағына Қуан Жанел ие болды, 8 сыныптар: "Үздік командир" атағына Қуанышпеков Альтаир, "Үздік кермеге тартылған" атағына Балқашбай Әлинұр ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары және медальдарымен марапатталды. Мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов жас кадеттерімізді қабылдап, өз құттықтауын білдірді. Құттықтаймыз!!!




