Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
май
2019

"Буккросинг" акциясы

Мектебімізде осы күндері «Кітапханаға кітап сыйла» марафоны өтуде. Осы орайда ағымдағы жылдың 9 сәуір күні мектептің кітапханашысы М.Ботаеваның ұйымдастыруымен 4а сынып оқушыларымен "Буккросинг" акциясы өткізілді. «Буккросинг» шарты бойынша шараға қатысушы әрбір адам өзі оқып-танысқан кітабын жақын досына ұсынып, өзі де келесі оқырманнан бір кітапты сыйға алды. Оқушылардың барлығы көркем әдебиет кітаптарын ала келген. Олардың әрқайсысы өздері оқыған, елімізге белгілі жазушылардың туындыларынан қысқаша мазмұндама айтты. Сонымен қатар, оқырманды қызықтыру үшін тиімді тұстарына да тоқталды. Сондай-ақ, акцияға қатысушы оқушыларға «Буккросинг» жүйесі туралы ақпарат беріліп, түрлі ойындар да ұйымдастырылды.
 "Буккросинг" акциясы
 "Буккросинг" акциясы
 "Буккросинг" акциясы
 "Буккросинг" акциясы