09
декабрь
2021
«Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі»
2021 жылдың 9 желтоқсан күні 6ғ сынып оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі» тақырыбында интеллектуалды тапқырлар ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу. Қызыққа толы бұл ойын 5 кезеңнен тұрды: 1."Тарихи оқиғалар", 2."Мені түсініп көр", 3."Қызық екен", 4."Жетісу жүйріктері", 5."Әуенді тап". Ойын нәтижесі бойынша қыздар командасы тапқырлық танытып, жеңіпаз атанды.


