02
декабрь
2021
«Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді
2021 жылдың 30 қараша күні мектебімізде 6ғ сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында «Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ондағы мақсат–атаулы күннің тарихын, мәнін оқушыларға насихаттау, Мемлекет басшысының ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы Елбасының өлшеусіз еңбегін, Отанына деген адалдығын, еліне деген сүйіспеншілігін жас ұрпаққа үлгі ету болатын.
Ойын нәтижесі бойынша Бас жүлдені Абдықадыр Жарас жеңіп алды. Ал екінші орынға Күмісбек Арайлым мен Құралхан Айғаным табан тіреді. Аталмыш ойында жасырылған сөздер Елбасымыздың өмір және еңбек жолымен байланысты болды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпазға және барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.