28
октябрь
2021
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат
Үстіміздегі жылдың 27 қазан күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Бейсенбай Гүлдана 6ғ сынып оқушыларына қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Оқушыларымыз саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп жатты, оқу озаттары Сексен Жұбат: - Облыстық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат маған терең ой салды. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғындым; Сейдулла Айару: - Шежірелі өлкемнің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу бізге міндет екендігін жете түсіндім; Берікұлы Есен: - Менің сыныптастарым да өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды деп ойлаймын деп, өз ойын түйіндеді. Сондай-ақ барлық оқушылар мұражай қызметкерлері мен ұстаздарына өз алғыстарын білдірді.






