16
февраль
2020
Полиция департаменті мұражайына саяхат
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2020 жылдың 4 ақпан күні мектебіміздің АӘД пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов 10 сынып оқушылары мен "Жас полиция көмекшілеріне" қаламыздағы Алматы облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.