27
апрель
2021
«Чернобыль жаңғырығы»
«Біз болашаққа жауаптымыз» экологиялық білім беру апталығы аясында Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында 2021 жылдың 26 сәуір күні мектебімізде «Чернобыль жаңғырығы» ұранымен бірыңғай сыныптан тыс іс-шаралары жүргізілді. 8 сыныптар арасында «Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» тағзым сағаты, 9 сыныптар арасында «Жарық сөнбесін!» - «Чернобыль трагедиясы» тәрбие сағаты, 10 сыныптар арасында «Жер ана тынысы» - «Чернобыль – жанның жалпы ауруы» пікір-алмасу сағаты өткізілді. 11 сынып оқушыларынан «Чернобыль: қайғы мен қасірет» тақырыбында эссе алынды. Ал 7-8 сынып оқушылары арасында «Чернобыль - балалар көзімен» тақырыбында сурет салу эстафетасы жүргізілді. Аталмыш шаралар кезекші сыныптарда офлайн жүргізілсе, қашықтықтан оқып отырған сыныптармен онлайн түрде жүргізілді.














