Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2022

"Біз нашақорлыққа қарсымыз!"

06.12.22 күні "Құқықбұзушылықтың алдын алу" кеңесі жоспарына сай қаламыздағы психологиялық-медициналық көмек көрсету орталығының қызметкерлері мектебіміздің 8 сынып оқушыларына "Біз нашақорлыққа қарсымыз!" тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларымызға есірткінің зияны және оның адамға талқандаушы әсері туралы, сондай-ақ есірткіге тәуелділікке қарсы тұру туралы кеңестер берді.
Сонымен қатар, ұсақ алаяқтық, тыныштықты бұзу, қоғамдық жерлерде алкоголь ішімдіктерін ішу және мас күйінде жүру, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе баспанасынан тыс заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз жүруі сияқты жалпы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша әңгімелесу өткізді.