27
ноябрь
2018
"Пара беру мен алу - бұл қылмыс!" және "Нашақорлық - ортақ қасірет"
Ағымдағы жылдың 27 қараша күні мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі "Честная неделя - Ісіңе адал бол!" акциясы мен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі "Бала құқығы - адам құқығы" акциясы аясында 8-10 сынып оқушыларымен "Пара беру мен алу - бұл қылмыс!" және "Нашақорлық - ортақ қасірет" тақырыптарында құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге ҚІІБ полиция қызметкерлері, полиция капитаны Дастан Алтайұлы мен полиция лейтенанты Қозілияс Мөлдір Айдарқызы қатысты. Аталмыш шарада жемқорлықтың қоғам мен мемлекеттің дамуына тигізетін кері әсері туралы және нашақорлықтың /спайс, темекі, насыбай, кальян/ қоғамға, адам ағзасына тигізетін әсері жайлы айтылып, арнайы бейне роликтер көрсетілді. Өз кезегінде оқушылар жоғарыда айтылған мәселелер бойынша пікірлерін білдірді және сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.