Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2019

"Абайлаңыз балалар!"

Мектебімізде 2019 жылдың 05 қыркүйек күні «Абайлаңыз балалар!» атты 1-7 сыныптар аралығында жолда жүру қауіпсіздігіне арналған науқан өткізілді. Осы аталмыш шараға Талдықорған ҚПБ патрульдік полиция ротасының әкімшілік іс-тәжірибе тобының аға инспекторы Казнабиева Айжан Казнабиқызы, патрульдік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Сванбаев Диас және мектеп инспекторлары Алтайұлы Дастан мен Сәкенова Гүлзира әр бастауыш сыныптарға кіріп жаяу жүргіншілер үшін жолда жүру ережелерімен, таныстырып өтті. Казнабиева Айжан өз сөзінде: Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Осы себептен осы науқанның маңыздылығы зор деп есептеймін. Ал полиция лейтенанты Сванбаев Диас сөз алып: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Сондықтан барлығымыз осы акцияға бірауыздай атсалысуымыз керек.
"Абайлаңыз балалар!"
"Абайлаңыз балалар!"