10
август
2018
"Балаға мейірім сыйла"
9 тамыз күні қаламыздағы №4 орта мектеп алаңында Республикалық «Мектепке жол» акциясының қала бойынша насихаттау жұмыстары жүргізілді. Мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Аталмыш шараға қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары С.Ш.Бақтыбаева қатысып, қала тұрғындарын акцияға белсенділікпен атсалысуға шақырды.