Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан!» атты патриоттық онкүндігі
28
октябрь
2024

«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан!» атты патриоттық онкүндігі

2024 жылдың 15 қазан мен 24 қазан күндері аралығында мектебімізде 25 қазан – Республика күніне арнлаған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан!» атты патриоттық онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында «Тәуелсіздік – ел бақыты» кітап көрмесі ұйымдастырылды, «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында 1-2 сыныптар сурет салды, 3-4 сыныптарда мәнерлеп оқу челленджі, 5-6 сыныптарда сынып сағаттары өткізілсе, 7-8 сыныптарда интеллектуалды ойындар өткізілді. 10-11сыныптар «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбында Эссе жазды. 9 сыныптар «Қазақстан – Республикам менің!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Сондай-ақ мектебімізде биылғы оқу жылында 7б сыныбы боп құрылған «Жас полиция» сыныбының кадеттері «Мен – Отанымның болашағымын» ұранымен ант қабылдады. Бұл салтанатты іс-шара оқушыларды, оқытушыларды және құқық қорғау органдарының өкілдерін біріктірді. 8-11 сынып ұлдары арасында Волейболдан мектепішілік турнир өткізіліп, жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. ​https://www.instagram.com/p/DBiQbiaJz_J/​​​