01
сентябрь
2024
Алғашқы қоңырау-2024
2024 жылдың 1 қыркүйек күні қаламыздағы тұңғыш қазақ мектептерінің бірі, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің шәкірттеріне алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырау салтанатына Жетісу облысы білім басқармасының бас маманы Арысланов Руслан Әлімбатырұлы, Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері және Құқық және әдеп менторы қатысып, салтанатқа жиналған ұстаздарға, білім алушылар мен бірінші сынып бүлдіршіндеріне өз жүрекжарды құттықтауларын білдірді. Сондай-ақ мектеп директоры Салтанат Бейсенбайқызы Жанаберлиева өз құттықтауын білдіріп, жаңа оқу жылына шығармашылық табыстар тіледі. https://www.instagram.com/p/C_XiyM7CxNh/










